Қалалар өсіп, халық саны артып жатқандықтан, құрылысшыларға сұраныс сақталуда. Жұмыс тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қамтиды: мектептер, ауруханалар, сауда орталықтары, жолдар.
Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу, пайдалану, жөндеу және қайта құру.
Жобалау, құрылыс өндірісін ұйымдастыру және жобалық-сметалық құжаттаманы жасау дағдылары, сәулет-құрылыс сызбаларын оқу және орындау, конструкцияларды есептеу іскерлігі, сала экономикасын, нормативтік құжаттарды және AutoCAD бағдарламасын білу.
Мансаптық өсу мүмкіндігі: учаске шеберінен құрылыс компаниясының басшысына дейін
Мамандықтың беделі
Шығармашылық әлеуетті іске асыру
Үнемі даму мүмкіндігі
ЖОО-ға қысқартылған мерзіммен түсу
Түлектерге «техник-құрылысшы» біліктілігі беріледі. Түлектер жобалау ұйымдарында, тұрғын үй, қоғамдық және өнеркәсіптік нысандардың құрылысында, сондай-ақ ғимараттарға қызмет көрсету, қалпына келтіру және қайта құру салаларында жұмыс істейді.