Құжаттар колледждің барлық қызметкерлері мен студенттері үшін міндетті. Әрқайсысының негізгісі — төменде, толық мәтіні — PDF-те.
1Ішкі тәртіп ережелері
Студенттердің колледждегі оқу және жүріс-тұрыс тәртібі.
- Оқу тәртібі, қоңыраулар және оқу жүктемесі.
- Сыртқы келбет және сабақтағы тәртіп.
- Студенттердің құқықтары, көтермелеу және жаза.
2Киберқауіпсіздік туралы ереже
Колледж қызметкерлері ақпараттық жүйелерді және студенттердің, ата-аналар мен педагогтердің дербес деректерін қалай қорғайды.
- Сенімді құпиясөздер және оларды кемінде 90 күнде бір рет ауыстыру.
- Электрондық журналдар мен білім беру платформаларының логиндері ешкімге берілмейді.
- Студенттер тізімі, ЖСН және ата-аналардың байланыстары жеке мессенджерлер мен пошта арқылы жіберілмейді.
- Қызметтік құжаттар мен дербес деректерді жалпыға қолжетімді нейрожелілерге жүктеуге болмайды.
3Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
Қызметкерлер, оқытушылар мен студенттерге арналған заңдылық, ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттары.
- Қызметкерлер мен студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттемеге қол қояды.
- Баға, емтихан мен сынаққа жіберу үшін сыйлық пен қызмет алуға болмайды.
- Сыбайлас жемқорлық туралы адал хабарлаған адам жазадан қорғалады.
- Бұзушылықтарды Әдеп және тәртіп жөніндегі кеңес қарайды.