+7 (727) 272-10-94WhatsApp +7 707 730-60-01+7 701 357-47-67 — маркетинг бөліміinfo.aksim.kz@gmail.com
ҚАЗРУСENG
ACAIT College логотипі
Жеке кабинет
Колледж

Стратегиялық бағыт

Колледждің миссиясы, пайымы және мақсаттары — білім беруді дамыту мен мамандар даярлаудағы бағдарларымыз.

Миссия

Инновациялық білім беру және ақпараттық технологияларды ұштастыру арқылы кәсіби құзыреттері бар бәсекеге қабілетті маман даярлау.

Пайым

Колледж оқыту мен тәрбиеге инновацияларды енгізу бойынша техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде көшбасшы болуға ұмтылады.

Колледж оқу процесіне кредиттік оқыту технологиясын енгізу орталығы болуға ұмтылады.

Мақсаттар

Колледжді дамытудың бес мақсаты

01

Педагогикалық процестің тиімділігі мен білім сапасын арттыру үшін инновация мен жаңашылдық басым болатын құнды тәжірибенің пайда болуы мен қолданылуына жағдай жасау.

02

Алматы қаласы мен Алматы облысында сұранысқа ие сапалы кәсіптік білім ұсыну үшін колледждің бәсекелестік артықшылықтарын дамыту.

03

Өңір экономикасын инновациялық дамыту міндеттеріне сай келетін сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру.

04

Еңбек нарығында сұранысқа ие, кәсіби міндеттерді шешуге қажетті құзыреттерді меңгерген бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

05

Интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыру арқылы үздіксіз білім беруді қалыптастыру.