Құрметті достар!
ACAIT колледжінің ресми сайтында сіздерді қарсы алуға қуаныштымын! Әлем жылдам өзгеріп жатыр: ғимараттарды ақпараттық модельдеу, цифрлық жобалау, жасанды интеллект және заманауи веб-әзірлеу кеше ғана болашақ болып көрінсе, бүгін сәулетшінің, құрылысшының және бағдарламашының жұмыс құралына айналды. Біздің міндетіміз — бұл өзгерістерді қуып жету емес, бір қадам алда жүретін мамандарды даярлау.
Бүгінгі АКАиИТ — жай ғана аудиториялар емес. Мұнда студенттер ғимараттар мен интерьерлерді жобалайды, сметаларды есептеп, инженерлік жүйелерді сынайды, бағдарламалық код жазып, IT-жобаларды іске қосады, сахнаға шығып, шығармашылық жұмыстар дайындайды. Ғасырға жуық дәстүрге және оқытушыларымыздың тәжірибесіне сүйене отырып, біз Қазақстанның жаңа экономикасы үшін құрылысшыларды, сәулетшілерді, IT-мамандарды және өнер адамдарын даярлаймыз.
Сіздерге мамандықты дұрыс таңдауларыңызға тілектеспін. Біз сапалы білімге кепілдік береміз және таңдаған мамандықтарыңыздың маңыздылығы мен қоғамдық мәніне ешқандай күмән қалмауы үшін бар күшімізді саламыз.
Оқуларыңызды сәтті аяқтап, жұмыс тауып, тұрақты мансаптық өсуге қол жеткізулеріңізге тілектеспін. Сіздердің кәсіби жетістіктеріңіз колледж имиджін нығайтып, мамандықтарымыздың беделін арттырады.
